Қостанай облысының теміржолшылары жеке қорғаныс құралдарымен және арнайы киіммен қамтамасыз етілді

05 наурыз 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Қостанай көлік прокуратурасы «ҚТЖ» ҰК» АҚ - «Қостанай жүк тасымалдау бөлімшесі» жұмысшыларының еңбек құқықтарының бұзылғанын анықтады.

Тексеру іс-шаралары теміржолшылардың жеке қорғаныс құралдарымен және арнайы киіммен тиісті түрде қамтамасыз етілмегенін көрсетті.

Шуға қарсы құлақшалар, диэлектрлік қолғаптар, эрозольға қарсы респираторлар мен қорғаныс көзілдіріктері сияқты жеке қорғану құралдары еңбектенушілердің 32% ғана берілген.

Қызметкерлердің 21% ғана костюмдер, етік пен қолғаптармен, сигналдық кеудешелермен және басқа да арнайы киіммен қамтамасыз етілген.

Прокурорлық қадағалау шараларымен 3697 жұмысшыға жеке қорғаныс құралдары мен арнайы киімдер берілді.

Еңбек қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды қамтамасыз ету ережелерін бұзғаны үшін заңды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу