"ҚТЖ" АҚ филиалының шенеунігі 7 жылға сотталды

14 ақпан 2020 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Шу көлік прокуратурасы «Сары-Шаған жол дистанциясы» бойынша қаржы-шаруашылық қызметін тексеру актілерін зерделеу барысында 16 млн.теңгеге жымқыру фактісін анықтады.

Бухгалтерлік құжаттарға сәйкес 11,3 млн.тг. құрайтын ремкомплектер жөндеуді қажет ететін учаскелерде пайдаланылғаны, ал 4,6 млн.тг. құрайтын 32 мың литр ЖЖМ кәсіпорынның қажеттілігіне жұмсалғаны көрсетілген.

Алайда, тексеру көрсеткендей, «Сары-Шаған жол дистанциясы» "ҚТЖ" АҚ бұрынғы директоры Қыдырбаев жоғарыда көрсетілген материалдық құндылықтарды өз бетінше өткізіп, одан түскен ақшалай қаражатты өз қажеттілігіне жұмсаған.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру нәтижесі бойынша Қыдырбаев Қылмыстық кодекстің 189-бабының 4-бөлігінің 2-тармағы бойынша сотқа берілді.

Қарағанды облысы Приозерск қалалық сотының 26.12.2019 жылғы үкімімен ол кінәлі деп танылып, 7 жылға шартты түрде сотталып, ұйымның кез келген түрінде материалдық жауапты лауазымды атқару құқығынан 5 жыл мерзімге айырылды.

Бұл үкімде сыбайлас жемқорлық қылмысы үшін шартты түрде соттауды қолдануға тыйым салу және қылмыстық іс жүргізу заңнамасының басқа да нормаларының бұзылуына байланысты прокуратурамен апелляциялық өтініш енгізілді.

11.02.2020 жылы Қарағанды облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының қаулысымен сот үкімі өзгертілді, Қыдырбаевқа қатысты шартты жаза жойылды.

Енді ол жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемесінде өтейтін болады.

Сондай-ақ, Қыдырбаев мемлекеттік органдар мен ұйымдарда қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырылды.

Шу көлік прокуратурасы