Құны 96 млн. теңге болатын контрабандалық заттар мемлекет кірісіне айналдырылды

27 қазан 2018 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Ағымдағы жылдың сәуір айында Бас көлік прокуратурасымен Алматы облысының сыртқы экономикалық қызметі қатысушыларымен кедендік заңнаманы сақтауына тексеру жүргізу барысында 96 млн. теңгеден астам сомаға экономикалық контрабанданың белгілері бар қылмыстық құқық бұзушылық ашылды.

Атап айтқанда, «AlemКazКargo» ЖШС атына келген автокөлік құралын тексеріп қарау кезінде кедендік ресімдеуге мәлімделмеген тауарлар, яғни автобөлшектер, ұялы телефондарға қосалқы бөлшектер және басқа да заттар анықталды.

Бұл ретте көлік құралының ішіндегісі транзиттік декларация беру кезінде Алматы облысы бойынша МКД "Алтынкөл" кеден бекетінің маманымен бұрын тексерілген болатын.

Серіктестік директорының заңсыз әрекеттерімен және кеден маманы қызметіне адал қарамауы салдарынан мемлекетке 27 млн.теңгеден астам шығын келтірілді.

Облыстың екі аудандық сотының үкімдерімен экономикалық контрабанданы ұйымдастырғаны үшін (ҚК 234-бабының 2-бөлігінің 4-тармағы) кәсіпкер 2000 АЕК мөлшерінде, ал мемлекеттік органның қызметкері салғырттыққа жол бергені үшін (ҚК 371-бабының 2-бөлігі) 2 жылға бас бостандығын шектеуге сотталды.

96 млн. теңгеден астам сомадағы контрабандалық заттар мемлекет кірісіне айналдырылды.

Сот үкімі заңды күшіне енді.

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу