Қызылорда көлік прокуратурасы ашық қылмыстық сот отырысын ұйымдастырды

06 қазан 2017 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Қылмыстың алдын алу мақсатында, Қызылорда көлік прокуратурасымен жүк вагондарынан үлкен көлемде аккумуляторлар ұрлағаны үшін айыпталған әскерилендірілген темір жол күзетінің жұмысшыларының қатысуымен ашық қылмыстық сот отырысы өткізілді.

Сот отырысы, әскерилендірілген темір жол күзетінің ғимаратында күзетінің жұмысшыларының қатысуымен (70 ӘТЖК күзетшілері) өткізілді.

Сот үкімімен кезекшіліктің аға күзетшісі Лепесов және оның қарамғындағы Наурызбаев, Айдилдаев, Умбеталиев адамдар тобы болып, алдын ала сөз байласып ұрлық жасағаны үшін 2 жылға бас бостандығынан шектелген.

Сонымен қатар, сотпен қылмыстық істің сотқа дейінгі тергеп тексеруді ұйымдастырғаны және мемлекеттік айыптауды жақсы қолдағаны үшін прокурорға жеке қаулы шығарылды.

 

Қызылорда көлік прокуратурасы

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу