Қызылорда көлік прокуратурасы техникалық байқау бекеттерінің заңсыз қызметінің жолын кесті

23 сәуiр 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Қызылорда көлік прокуратурасымен автокөлік құралдарын заңсыз техникалық байқаудан өткізу деректері анықталды.

Автомобиль көлігі туралы заңнамаға сәйкес республикалық және облыстық маңызы бар қалаларда міндетті техникалық байқау тек техникалық байқаудың стационарлық желілерімен жүзеге асырылады.

Мобильді желілер қаладан тыс жұмыс істеу үшін жабдықталған және тек қана жеңіл автокөлік құралдарын техникалық тексеруге арналған.

Белгіленген талаптарды бұза отырып мобильді операторлармен – жеке кәсіпкерлермен Л.А. Ким мен Н. Жайназаров тізілімде тіркелген кезден бастап Қызылорда қаласының ішінде 128 бірлік техника, сонымен қатар 7 жүк және 4 жолаушы автокөліктерін техникалық байқаудан өткізген.

Прокурорлық қадағалау актісі бойынша техникалық байқаудың мобильді бекеттерінің қызметі тоқтатылды, операторлар әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Уәкілетті мемлекеттік органмен заңсыз берілген диагностикалық карталардың қолданысын тоқтату мәселесі қарастырылуда

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу