Магистральді құбырлардың қауіпсіздігін қамту шаралары

04 қазан 2018 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Орал көлік прокуратурасы құбыр жүргiзетiн көлік иелерімен магистральдік құбырларды қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз етуге бағытталған заң талаптарының сақталуына талдау жүргізілді.

Оған сәйкес, Батыс Қазақстан облысының аумағында «Жайықмұнай», «Орал газтурбиналық стансасы» ЖШС, «Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг Б.В.» және «Интергаз Орталық Азия» АҚ 3,2 мың шақырымнан астам магистральді құбырларды олардың күзет аймақтарын белгілемей пайдаланып келгені анықталды.

Өз кезегінде, күзет аймақтары халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, көлік нысандарын пайдалану үшін жағдайлар жасау және оның шегінде аумақты белгілеу мақсаттарына сай келмейтін қызмет түрлеріне шектеу/тыйым салу үшін орнатылады.

Прокурорлық қадағалау шараларының негізінде аудан әкімдіктері барлық құбырлардың бойына күзет аймақтарын белгіледі. Өз кезегінде нысан иелері тиісті жұмыстарды жүргізді.

Көліктің барлық түрлерінде қауіпсіздіктің қамтамасыз етілуін қадағалау көлік прокуратурасы органдарының басым бағыттарының бірі болып сақталады.

Орал көлік прокуратурасы

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу