Монополисттердің тарифтер төмендетілді

09 тамыз 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Шымкент өңірінде теміржол кірме жолдары арқылы вагондарды өткізу қызметін көрсететін табиғи монополиялар субъектілерімен заңдылықтың сақталуына талдау жүргізілді.

Талдаумен уәкілетті орган бекіткен тарифтік сметаларды монополистермен орындамау, олармен шынайы табыстарды жасыру, тұтынушылардан заңсыз өсірілген төлемді алу, тарифтерге негізсіз шығындарды қосу, тұтынушылармен жасалған келісім-шарттардың заңға сәйкес келмеуінің көптеген деректері анықталды.

Анықталған бұзушылықтар бойынша уәкілетті органға прокурорлық қадағалау актісі енгізіліп, оның негізінде 11 әкімшілік іс қозғалып, 6,7 млн.теңгеге айыппұл салынды, 7 нұсқама берілді. 17 монополистің қызметіне өтемдік тарифтер енгізіліп, нәтижесімен тұтынушыларға 35,8 млн.теңге қайтарылатын болады.

Осы шаралар арқылы теміржол кірме жолдардың қызметіне тарифтердің 20% астам төмендеуіне қол жеткізілді.

 

 

Бас көлік прокуратурасының баспасөз қызметі

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу