

Ақтөбе көлік прокуратурасы «Шанс» кәмелетке толмағандарды әлеуметтік-психологиялық, құқықтық қолдау орталығымен, Ақтөбе станциясындағы ТІІБ есірткі бизнесіне қарсы күрес қызметпен және қалалық білім басқармасымен бірлесіп «Мықты отбасы – есірткіден аулақ» акциясы өткізілді.
«Сенің өмірің. Сенің таңдауың. Сенің қоғамың» ұраны бар бұл шараға заңгерлер, психологтар, наркологтар, Ақтөбе станциясының теміржол вокзалының жолаушылары және көлік жұмыскерлері қатысты.
Акция шеңберінде ұйымдастырушылар азаматтарға есірткінің зияны және оның адамға талқандаушы әсері туралы, сондай-ақ есірткіге тәуелділікке қарсы тұру және одан емделу әдістері туралы кеңестер берді.
Сонымен қатар, ұсақ алаяқтық, тыныштықты бұзу, қоғамдық жерлерде алкоголь ішімдіктерін ішу және мас күйінде жүру, кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ойын-сауық орындарында немесе баспанасынан тыс заңды өкілдерінің сүйемелдеуінсіз жүруі сияқты жалпы құқық бұзушылықтар профилактикасы мәселелері бойынша әңгімелесу өткізді.
Жолаушылар мен көлік жұмыскерлеріне оларды қызықтыратын сұрақтары бойынша кеңстер берген соң, көлік прокуратурасының және уәкілетті меморгандардың өкілдері оларға «Есірткісіз өмірді таңдаймын» атты ақпараттық буклеттерді табыс етті.
Есірткінің зияны туралы тиісті бейнероликтер Ақтөбе станциясының теміржол вокзалының LEDэкрандарында трансляцияланды.
Пікірлер
Жаңа пікірді жазу