Орал көлік прокуратурасы бюджетті 126 млн. теңгеге толтырды

20 қыркүйек 2018 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Мемлекеттік бюджеттің кіріс бөлігін толтыру көлік прокуратурасы органдарының басым бағыттарының бірі болып табылады.

Теміржол станцияларының жүк операцияларына жүргізілген талдаумен Орал көлік прокуратурасы 20 жуық салық төлеушілер уәкілетті мемлекеттік органына өздерінің сатып алынған тауарлары бойынша салық салынатын айналымдарын көрсетпегіндігін анықтаған.

Мысалға, облыстың бір кәсіпорны осы жылдың 1 тоқсанына қатысты салықтық есептерінде Шипово станциясына атына келген темірбетон бұйымдарын 551,6 млн. теңгеге сатып алынғандығын көрсетпеген.

Осыдан бюджетке төленбеген 50,6 млн. теңге қосалқы күн салығы Орал көлік прокуратурасының прокурорлық ықпал ету актісінің негізінде бюджетке толық өндірілді.

Жалпы прокурорлық қадағалау шараларының негізінде 20 ұйымнан бюджетке 126 млн. теңгеге салық түсірілді.

Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да өз жалғасын табады.

 

Орал көлік прокуратурасы

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу