Павлодар көлік прокуратурасы кәсіпкерлермен кездесу өткізді

31 қаңтар 2020 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Павлодар көлік прокуратурасының (бұдан әрі - прокуратура) бастамасымен ағымдағы жылдың 22 қаңтарында Павлодар облысының «Атамекен» ҰКП алаңында шекара маңындағы өткізу пункттері арқылы жүк тасымалдауды жүзеге асыратын облыс кәсіпкерлерімен кездесу өткізілді.

Онда, ҚР ҰҚК ШҚ әскери бөлімінің қызметкерлері, Павлодар облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшылығы, сондай-ақ тасымалдаушылар қауымдастығының өкілдері мен кәсіпкерлер қатысты. ​

Кездесуде шекара маңындағы өткізу пункттері арқылы жүктерді тасымалдау кезінде туындайтын проблемалық мәселелер қаралды, қолданыстағы заңнамаға, жүкке рұқсат беру құжаттарына және қазіргі уақытта қолданыстағы мұнай өнімдерінің барлық түрлерін ҚР шегінен тысқары жерлерге тасымалдауға тыйым салуға қойылатын талаптарға түсініктеме берілді.

Прокуратурамен Қазақстан Республикасының аумағынан 500 литрден 20 тоннаға дейін (АИ-92 бензині және дизель отынын) қауіпті жүктерді тасымалдау ережелерін бұза отырып шығарудың көптеген фактілері анықталды.

Қабылданған үйлестіру сипатындағы шаралар нәтижесінде 500 мың теңгеден астам сомаға айыппұл сала отырып, мұнай өнімдерін тиісті құжаттарсыз шығарған 20-дан астам тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды. ​

Кәсіпкерлердің проблемаларының бірі жазғы-күзгі кезеңде туындаған кезектер мен шекара маңындағы өткізу пункттерінде автокөліктің жиналуы көрсетілген, бұл жүктердің уақтылы жеткізілмеуіне, сондай-ақ олардың жоғалуына әкеп соғуы мүмкін.

Аталған мәселені талқылау барысында Ресей Федерациясының шекара қызметтері тарапынан тексеру іс-шараларының ұзақтығына байланысты кезектер туындайтыны анықталды, осыған байланысты Павлодар облысының кәсіпкерлер палатасымен РФ құзыретті органдарына хат жолдау туралы шешім қабылданды. ​

Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау саласындағы заңдылықты нығайту және қадағалау қызметінің тиімділігін арттыру жөніндегі жұмыс жалғасатын болады.

Павлодар көлік прокуратурасы

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу