Полиция қызметкері сотталды

25 тамыз 2018 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

2018 жылдың 14 тамызында Қарағанды облыстық соты Қарағанды қаласы Октябрь ауданы №2 сотының лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланған (ҚК 362 б. 4 б. 3 т.) Қарағанды-Сұрыптау станциясының ІІЛБ басшысының кадр жұмысы жөніндегі орынбасарына қатысты үкімін өзгеріссіз қалдырды.

Бірінші сатыдағы сот оған қарамағындағы қызметкерлердің бірінен Астанадан келетін комиссияны күту сылтауымен 50 мың теңге көлемінде қаражаты заңсыз алды деген кінә тақты.

Сот үкімімен қызметкер 5 жылға бас бостандығынан айырылды. Жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздік деңгейі орташа мекемесінде өтейді және өмір бойы мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырылды. Сонымен қатар полиция подполковнигі атағынан айырылды.

Жәбірленушінің пайдасына 50 мың теңге сомасындағы материалдық залал өнідірілді.

Аталған іс бойынша қылмыстық істің тергелуіне қадағалауды және сотта мемлекеттік айыптауды қолдауды Қарағанды көлік прокуратурасының процесс прокуроры жүзеге асырды.

Соттың үкімі заңды күшіне енді.

 

Қазақстан Республикасының

Бас көлік прокуратурасы

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу