Прокуратура теміржолшылардың құқықтарын қорғады

10 қазан 2018 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Көкшетау көлік прокуратурасы теміржол саласындағы теміржол қауіпсіздігін қамтамасыз ететін жұмысшылардың еңбек құқықтарының бұзылғандығын анықтады.

Атап айтқанда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның «Ақмола магистральдік желі бөлімшесі» филиалының жұмысшыларына 2017 жылдың желтоқсанынан ағымдағы жылдың ақпан айларында қиын метеорологиялық жағдайда Цельсий градусы - 25-тен төмен температурада атқарған жұмысы үшін еңбекақыға 15% үстеме төленбеген.

Прокурорлық қадағалау шараларымен 222 теміржолшы       2 млн. теңгеден аса көлемде тиісті қаражаттарын алды.

Еңбек заңнамасы мен ұжымдық шарттың талаптарын бұзғаны үшін мекеменің жауапты лауазымды тұлғасы тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу