Прокурорлар сот актісін бұзу арқылы мемлекеттік бюджетті 5 млн. теңгеге толтырды

10 сәуiр 2020 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Бас көлік прокуратурасы қадағалау қызметі барысында валюталық реттеу және оны бақылау туралы заңнама нормасын дұрыс қолданылмаған сот актісін анықтады.

2018 жылы «Тұлпар Тальго» ЖШС (бұдан әрі – ЖШС) мен испандық Industrias Teysa S.A. компаниясы арасында вагондар үшін қосалқы бөлшектерді жеткізу шарты жасалды. Шарт шеңберінде ЖШС-мен (резидент) 180 күнтізбелік күн іщінде орындау мерзімімен шетелге ақша қаражатын аудару жүзеге асырылған. Алайда, аталған мерзім өткеннен кейін тауар толық көлемде жеткізілмеген, ақша елге қайтарылмаған.

Резиденттің ұлттық және шетел валютасын мерзімінде қайтару жөніндегі міндеттерін орындамауы ӘҚБтК-нің 251-бабы бойынша жауаптылыққа әкеп соғады.

«Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» Заңның (ақшаны есепке алу кезінде қолданылған) 12-бабының 1-тармағына сәйкес, ұлттық және шетел валютасын елге қайтару талаптарының орындалуын қамтамасыз ету жөніндегі міндет резидентке жүктелген.

Демек, қазақстандық серіктестік ақшалай қаражатты қайтару жөніндегі талаптардың орындалуын уақтылы қамтамасыз етпей, заң талаптарының бұзылуына жол берген.

Алайда, Нұр-Сұлтан қаласының Мамандандырылған ауданаралық əкімшілік соты бұл компанияның кінәсін көрмей, іс бойынша өндірісті тоқтатқан.

Нәтижесінде, Бас көлік прокуратурасының апелляциялық өтінішхаты бойынша соттың заңсыз қаулысының күші жойылып, заңды тұлғаға 5 млн.теңге көлемінде әкімшілік айыппұл төлеу міндеті жүктелді.

Қазіргі уақытта аталған айыппұл мемлекет бюджетіне өндірілді.

Бас көлік прокуратурасы