SCAT авиакомпаниясының қызметкерлері жалған еңбекке жарамсыздық парақтарын пайдаланған

29 мамыр 2020 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
SCAT авиакомпаниясының қызметкерлері жалған еңбекке жарамсыздық парақтарын пайдаланған   - 558011822

Көлік прокурорлары «SCAT» авиакомпаниясын тексеру кезінде оның жұмыскерлерімен жалған еңбекке жарамсыздық парақтарын пайдаланудың 3 фактісін анықтады.

Еңбекке жарамсыздық парақтарын жұмыскерлер «OLX» қосымшасынан интернет арқылы 5000 теңгеге сатып алып, жұмыстан қашуды жасыру және еңбек міндеттерін орындаудан босату үшін ұсынған.  

Жалған еңбекке жарамсыздық парақтарын пайдалану фактісі бойынша кінәлі тұлғалар қылмыстық жауапкершілікке тартылып, айыппұл төлеуге айыпталған.

Қазіргі таңда, бір қызметкер лауазымынан төмендетіліп, екеуі авиакомпаниядан босатылды.

Нұр-Сұлтан қаласының Әуе көлік прокуратурасы