Семей көлік аумағындағы 606 теміржолшылардың құқықтары қорғалды

14 қыркүйек 2018 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Семей көлік прокуратурасымен қадағалауындағы көлік аймағында орналасқан теміржол мекемелері жұмысшылардың еңбек құқықтарының бұзылғандығы анықталды.

Атап айтқандазаңнаманаға және ұжымдық шартқа қайшы жұмысшыларға Цельсий градусы -25-тен төмен және +35-тен жоғары ауа температурасы кезінде ашық ауадағы жұмыстары үшін төлемақы жүргізілмеген.

Теміржолдың қауіпті аумағында қызмет ететін және оның қауіпсіздігіне жауапты жұмысшылар қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етілмеген.

Қабылданған прокурорлық қадағалау шараларымен 606 жұмысшыларға арнайы киім, аяқ киім және жеке қорғаныс құралдары берілді.

Ауыр метеорологиялық жағдайларда ашық ауадағы жұмысы үшін 361 жұмысшы 1,3 млн. теңге көлемінде өтемақы алды.

Азаматтардың еңбек құқықтарының сақталу жұмысы тұрақты түрде жүргізілуде.

 

Семей көлік прокуратурасы

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу