Семейде жеті жыл бұрынғы еңбекақы бойынша берешек өтелді

16 қаңтар 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Көлік прокуратурасы органдарымен қабылданған шаралар бойынша «Семейавиа» АҚ 121 жұмысшының алдындағы сомасы 51,1 млн. тенге көлеміндегі еңбекақы бойынша берешек өтелді.

Көрсетілген берешек 2011-2012 жылдары қалыптасқан, алайда оны өтеу мүмкіндігі АҚ өтімділік мүлкі болмауына, сонымен қатар стратегиялық объект болып табылуына байланысты қиындаған.

2014 жылдың сәуірінде Семей көлік прокуратурасының талабы бойынша Семей қаласының сотымен кәсіпорын банкрот деп жарияланды және банкроттық туралы тиісті рәсімдер басталды.

Үкімет қаулысымен мүліктік кешенің құрылтайшысы облыс әкімшілігі болып табылатын «Ертіс» ӘКК» ҰК» АҚ пайдасына беруге болатыны туралы шешім қабылданды.

2018 жылдың қыркүйегінде АҚ банкроттық басқарушысымен тиісті шартқа қол қойғаннан және әуежайдың мүліктік кешенін сатқаннан кейін жұмысшылардың алдындағы берешегі толығымен өтелді.

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу