Шудағы жолаушылар пойызының апаты бойынша істің тергелуі аяқталды

02 қараша 2018 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Үстіміздегі жылдың 17 маусымында «Астана-Алматы» бағытындағы №9/10 жолаушылар пойызының апатқа ұшырауы туралы қылмыстық ісі бойынша сотқа дейінгі іс-жүргізу аяқталды.

Тергеумен анықталғандай, вагондардың жолдан шығып кетуіне теміржол төселемінің ағымдағы ұстау бойынша жоспарлы алдын-алу жұмыстарын уақытында жүргізілемеу салдарынан көлденең күштердің ықпалымен оның қисайып кетуі себеп болды.

Осы жол бөлігін тиісті ұстауға Шу жол дистанциясының жұмысшылары - бастығының орынбасары, №2 учаскесі бастығы және оның орынбасары жауапты болып табылады.

Аталған тұлғалар іс бойынша күдікті ретінде танылып, олардың іс-әрекеттері Қылмыстық кодекстің 344-бабы 2-бөлігімен (абайсызда адамның өліміне, жәбірленушінің денсаулығына ауырлығы орташа зиян келтіруге және ірі залал келтiруге әкеп соққан темiржол көлiгiн пайдалану қауіпсіздігі қағидаларын бұзуы) сараланды.

Бұл қорытындылар сот сараптамасымен, мамандардың зерттеуімен, куәлердің жауаптарымен, алынған құжаттармен, сондай-ақ басқа да дәлелдемелермен құпталады.

Іс бойынша 700-ден астам адамнан жауап алынып, 75 заңды және жеке тұлғалар жәбірленуші деп танылып, 50-ден астам түрлі сараптамалар мен зерттеулер жүргізілді, олардың жиынтығы 70-тен астам томды құрады.

А.ж. 1 қарашада қылмыстық іс Шу аудандық сотына мәні бойынша қарау үшін жолданды.

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу