Спорт – салауатты өмір салты.

15 желтоқсан 2016 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жыл толуына орай, Қандыағаш көлік прокуратурасының ұйымдастыруымен,2016 жылдың 11 желтоқсан күні Ақтөбе облысы, Қандыағаш қаласында 2001-2009 жылдар аралығында туылған жасөспірімдер арасында таэквандодан жарыс өткізілді.                Жарысқа Ақтөбе облысының Хромтау, Алға, Ембі, Қандыағаш, Шалқар қалаларынан жиналған 95-ке жуық спортшы қатысты.                                  Жарысты қала тұрғындары, Қандыағаш көлік прокуратурасының қызметкерлері, БАҚ өкілдері және таэквандо бапкерлері тамашалады.              

8-9 жас арасындағы 25 кг дейінгі салмақ дәрежесінде Тілеш А., 30 кг дейінгі салмақ дәрежесінде Абрашев Н., 35 кг дейінгі салмақ дәрежесінде Өмірзақов Н., 12-13 жас аралығында 40 кг салмақтан жоғары дәрежесінде Құдайберген Ж. жеңімпаз атанды.

Жеңімпаздарға естелік сыйлықтар табыс етілді.               

 

Қандыағаш көлік прокуратурасы.

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу