Талдықорған көлік прокурорының тағайындалуы туралы

06 қараша 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Бас прокурорының бұйрығымен әділет кеңесшісі Азаматов Абырой Халыкұлы Талдықорған  көлік прокуроры қызметіне тағайындалды.

 Азаматов А.Х. 1981 жылы дүниеге келген.  Ж.Баласағын атындағы ҚҰУ заңтану мамандығын аяқтаған.

2004 жылы прокуратура органдарында Жамбыл облысы Талас ауданы прокурорының көмекшісі болып қызметін бастады.  Әр түрлі уақытта ол Жамбыл облысы Жамбыл ауданы прокурорының көмекшісі, аға көмекшісі, бөлім прокуроры, Павлодар облысы прокуратурасы Басқарма басшысының орынбасары, Жамбыл облысы прокурорының, Атырау облысы прокурорының және Бас көлік прокурорының көмекшісі, аға көмекшісі қызметтерін атқарған.

Осы тағайындалғанға дейін Бас көлік прокуратурасы Аппаратының  - Басқарма  бастығы.

Прокуратура органдарында жұмыс тәжірибесі 13 жылдан астам.

 Бас көлік прокуратурасы

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу