Темір жол - қауіптілігі жоғары аймақ

28 қараша 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Қарағанды көлік прокуратурасымен «Темір жол көлігіндегі қауіпсіздік жағдайы және темір жол көлігіндегі жарақаттанушылықтың алдын алу және болдырмау бойынша қабылданатын шаралардың тиімділігі» атты тақырыбына ведомствоаралық кеңес өткізілді.

Кеңеске Қарағанды облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясының, Қарағанды-Сұрыптау станциясындағы ЖІІБ, Қарағанды облысы әкімдігінің, «Әскерилендірілген темір жол күзеті» АҚ Қарағанды учаскесінің өкілдері, «ҚТЖ «ҰК» АҚ-ң «Қарағанды жүк тасымалдау бөлімшесі» және «ҚТЖ «ҰК» АҚ – ң «Қарағанды магистральдық желі бөлімшесі» филиалдарының басшылары және басқалары қатысты.

Іс-шара барысында жарақаттану, малдарды теміржолда табу және алдын алу шаралары талқыланды.

Темір жол қатынасындағы адамдар мен ірі қара малдардың жыл сайынғы кездесуі, темір жол көлігінің қауіпсіздігіне әсер етіп, пәрменді шаралар қабылдауды талап етеді.

2019 жылдың басынан бері Қарағанды көлік аймағында 3 оқиға орын алды, оның 2-уі адам өлімімен аяқталды. Үй жануарларының аса қауіпті аймақта болуымен 22 жағдай тіркеліп, оның 6-ы көлікке соқтығысумен болды.

Ведомствоаралық кеңестің шешімі бойынша құқық қорғау, уәкілетті органдар, жергілікті атқарушы органдар мен көлік кәсіпорындарына алдын алу жұмыстарын жандандыру, тәртіп бұзушыларға қатысты алдын алу шараларын күшейту, сондай-ақ өңірдің темір жол бойындағы қоршауларды орнату мәселелерін шешу ұсынылды.

Қарағанды көлік прокуратурасы

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу