Темір жол жарақаттануына жол жоқ

28 қараша 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Жамбыл көлік прокуратурасының бастамасымен ағымдағы жылғы 26 қарашада уәкілетті органдар және темір жол кәсіпорындарының қатысуымен адамдардың темір жолда жарақаттануы және жылжымалы құрамдарды пайдалану қауіпсіздігінің жай-күйі мәселелері бойынша ведомствоаралық кеңес өткізілді.

Темір жол көлігі қозғалысының қауіпсіздігін бұзудың алғышарттары малға арналған қоршаудың болмауы, оны белгіленбеген жерлерде жаю, уәкілетті органдардың профилактикалық жұмысының жеткіліксіздігі, темір жол өтпелерінің қанағаттанарлықсыз жағдайы және елді мекендерде қоршаудың болмауы болып табылады.

Темір жол жоғары қауіптілік көзі болып табылады, қауіпсіздік ережелерін сақтамаудан адамдар жыл сайын қаза болады, поездардың шұғыл тежеуі тоқтамауда.

Тек 2018 жылы облыс аумағында 11 адамды қағу фактісі болды, оның 6-уы өліммен аяқталды. Ағымдағы жылы 4 қағылу фактісі орын алды, оның 3-уі қаза болды (себептері – өзіне өзі қол жұмсау, жол бойында масаң күйде болу, жәбірленушілердің абайсыздығы, ата-аналар тарапынан бақылаудың жоқтығы).

Ведомствоаралық кеңестің қорытындысы бойынша уәкілетті органдар мен көлік кәсіпорындарының бірінші басшыларына түсіндіру, алдын алу жұмыстарын үнемі жүргізу (соның ішінде мектеп, колледж және жоғары оқу орындарының оқушылары арасында), «Жолда адам» ақпарат жүйесі бойынша жұмысты жандандыру, темір жолдар арқылы рұқсат етілмеген өту орындарында, жаяу жүргіншілер жолдарында ескерту және тыйым салу белгілерін, елді мекендерге жақын орналасқан қауіпті учаскелер мен станциялардың қоршауларын орнату және басқа да міндеттер ұсынылды.

Істерді тергеу кезінде темір жол көлігін пайдалану ережелерін сақтау және адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша ҚТЖ қабылдаған шаралардың толықтығына міндетті түрде баға беру.

Жамбыл көлік прокуратурасы

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу