Теміржолшыларға жалақының тиісті бөлігі қадағалау шараларының нәтижесінде төленді

31 қаңтар 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Достық көлік прокуратурасы Алакөл ауданының 1 337 теміржолшыларына 6 млн. астам жалақының тиесілі бөлігін төлетуге қол жеткізді.

Осы соманың есептелуіне жұмыс берушімен ашық ауада ауыр ауа райы жағдайларында жұмысы үшін қосымша ақы төленбеу дерегі негіз болған.

Еңбек Кодексінің және Ұжымдық шарт ережесіне сәйкес жұмыс беруші ашық ауада ауа температурасы -25 градустан төмен, +35 градустан жоғары, сондай-ақ -10 градустан төмен боран, қар жауыны кезінде жұмыс атқарған қызметкерлерге қосымша ақы төлеуге міндетті.

Прокурорлық қадағалау актiнің негізінде анықталған заң бұзушылық жойылды, теміржол жұмысшыларына тиісті қосымша ақы толықтай төленді.

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу