Төленбеген 56 млн. теңге көлеміндегі салық қазынаға түсті

17 қазан 2018 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Павлодар көлік прокуратурасы талдау жүргізу нәтижесінде «А3 Коммерц» ЖШС 56 млн. теңге көлемінде қосымша құн салығын өндіріп алды.

Салық төлеуші көрсетілген жанама салық сомасын тауарларды Еуразия экономиқалық одағының мүше-мемлекеттері аумағынан импорттау барысында төлемеген.

Атап айтқанда, Павлодар қ. Трамвай басқармасың жанғырту жобасы шеңберінде Серіктестік Беларусь Республикасынан 8 трамвай әкелген.

Алайда, 33,4 млн. теңге көлеміндегі қосымша құн салығы тек 3 техника үшін төленген.

Қалған қалалық рельстік көлік үшін 56 млн. теңгені құрайтын салық сомасы прокурорлық қадағалау актісі бойынша мемлекеттік кірістер органымен өндіріліп алынды.

Серіктестікке салық төлемегені үшін 288 600 теңге көлемінде әкімшілік айып салынды.

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу