Әуе көлігі жолаушыларының құқықтары туралы

12 желтоқсан 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Бас көлік прокуратурасы әуекомпанияның кінәсінен рейстер тоқтатылған немесе кідіртілген кезде жолаушылардың құқықтарын түсіндіреді.

Қолданыстағы заңнамада («Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» ҚР Заңының 86-бабы) әуекомпанияның жолаушылар алдындағы бірқатар міндеттемелері белгіленген.

Мәселен, тасымалдаушының кінәсі бойынша рейстің жөнелтілуін 2 сағаттан аса күткен кезде жолаушыларға салқын сусындар, 4 сағаттан аса және әрі қарай күткен жағдайда (бұдан әрі күндізгі уақытта 6 сағат және түнгі уақытта 8 сағат сайын) ыстық тамақ, ана мен бала бөлмесі (7 жасқа дейін), қонақ үй мен көлік (күндізгі уақытта 8 сағаттан және түнгі уақытта 6 сағаттан астам) беріледі.

Сондай-ақ, жолаушыға рейстің кешіктірілген әрбір сағаты үшін билет құнының 3%-і (кідіріс болған ұшу учаскесі), бірақ билет құнынан артық емес мөлшерде айыппұл төлеу көзделген.     

Мысалы, әуебилеттің құны 35 000 теңге болса, рейстің кешіктірілген әрбір сағаты үшін айыппұл мөлшері 1 050 теңгені құрайды.

Айыппұл сомасын алу үшін жолаушыға тиісті әуекомпанияға хабарласу қажет.

Әуекомпанияның міндеттемелерін орындамағаны үшін Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 567-бабында әкімшілік жауапкершілік көзделген.

Мұндай фактілер бойынша хаттаманы Азаматтық авиация комитеті толтырады.

Бас көлік прокуратурасы

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу