Заңсыз құрылысқа шара қолданды

07 қыркүйек 2018 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Қандыағаш көлік прокуратурасымен магистральдық құбыржол және теміржол желілерінің қауіпсіздік аймақтары мен ең аз қашықтық шегінде жер телімдерін пайдалану кезінде заңдылықтың сақталуына талдау жүргізу барысында бұзушылықтар анықталды.

Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Ноғайты бекетінде рұқсат құжаттарысыз теміржол кірме жолын салу дерегі анықталды.

«Сине Мидас Строй» ЖШС теміржол іргетасын қалау жұмыстарын мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауды жүзеге асыратын органның рұқсатынсыз және хабарлаусыз жүзеге асырған.

Талдау нәтижесінде «Ақтөбе облысы бойынша сәулет-құрылыс бақылау басқармасы» ММ-мен ҚР ӘҚБК-нің 314, 316, 321, 463 баптары бойынша (объектiлердi тұрғызу және реконструкциялау кезiнде құрылыс, құрылыс-монтаж, жөндеу-қалпына келтiру жұмыстарын белгiленген тәртiппен бекiтiлген жобалау құжаттамасынсыз жүргiзу; объектілерді және олардың кешендерін, жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасынсыз не сараптама жүргізу талап етілетін, белгiленген тәртiппен сараптамадан өткiзiлмеген жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасы бойынша салу;  құрылысты техникалық және авторлық қадағалауларды қатар жүргізбей жүзеге асыру; тіркеу, рұқсат беру, хабарлама жіберу мiндеттi болған жағдайларда, тiркеусiз, рұқсатсыз, сол сияқты хабарлама жібермей кәсiпкерлiк немесе өзге де қызметпен айналысу, сондай-ақ әрекеттердi (операцияларды) жүзеге асыру) хаттама толтырылды.

Байғанин аудандық сотымен «Сине Мидас Строй» ЖШС 2 миллионнан астам теңге көлемінде айыппұл түрінде жазаға тартылды.

 

Қандыағаш көлік прокуратурасы

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу