Жамбыл облысында техникалық байқау орталықтарының жартысынан астамы заңнама талаптарына сәйкес келмейді

13 желтоқсан 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Жамбыл көлік прокуратурасы техникалық байқау орталықтарының қызметінде жүйелі заң бұзушылықтарды анықтады.

Мұндай орталықтардың стационарлық желілерінің жартысынан астамы (54-тің 28-і немесе 51,8%) мемлекеттік стандарттар мен талаптарға сәйкес келмейді. Олардың көпшілігі «гараж» типті, кейбір диагностикалық карталарда техникалық байқаудан өту туралы диагностикалық карта «Фотошоп» бағдарламасын пайдалана отырып, нақты тексерусіз беріледі.

Тек қана жеңіл автомобильдерді техникалық тексеруге арналған жылжымалы ұялы желілермен жүк автокөліктері де заңсыз тексеріліп қаралған.

Прокуратура актісі бойынша техникалық байқаудың 29 операторы ӘҚБтК-нің 616-бабының 1-бөлігі бойынша (механикалық көлік құралдарын міндетті техникалық байқауды ұйымдастыру және өткізу ережелерін бұзу) 300 мың теңгеден астам сомаға әкімшілік жауапкершілікке тартылып, «гараж үлгісіндегі» 3 орталық мемлекеттік тізілімнен шығарылды.

Жамбыл көлік прокуратурасы

 

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу