Жасырын тауар заттарын мемлекет кірісіне өндіру туралы

27 маусым 2017 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Павлодар көлік прокуратурасы орындау құжаттарының заңдылық жағдайын талдай отырып, мемлекеттік бюджетке 1,4 млрд. теңге өндіруде шаралар  қолданды.

Павлодар қаласының №2 сотының үкімімен Аманбаев А.Е. экономикалық жасырын тауар алғаны үшін жасырып алған мүлкін тәркілеумен 1000 АЕК көлеміндегі айыппұл төлеумен сотталған (халықтық қолданыстағы 807 тауар атауы).

Үкімді орындау үшін сотпен Павлодар облысының әділет Департаментіне мемлекет кірісіне көрсетілген жасырын тауар заттарын өндіру жайлы орындау құжаты жіберілген.

Прокуратурамен  орындау өндірісін зерттеу кезінде тәркіленген мүлікті сақтау мен есеп тәртібі бойынша бұзушылықтар анықталған.

Осыған байланысты, облыстық мемлекеттік мүлік пен жекешелендіру Департаментіне прокуратурамен  заңдылықтыұ бұзушылықтарды жою туралы ұсыныс енгізілген, соны қарастыру нәтижесінде мемлекет кірісіне 1 463 405 031 теңге сомасындағы жасырын тауар заттары өндірілген.

Бақылауға алынған өңірде заңдылықты бекіту бойынша жұмыстар жалғасуда.

 

Павлодар көлік прокуратурасы

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу