Айғақтарды сақтауға қою – қылмыстық процестің жаңа институты

21 сәуiр 2016 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Мемлекет Басшысының «2010 – 2020 жылдарға арналған құқықтық саясат тұжырымдамасы туралы» Жарлығын іске асыру шеңберінде қылмыстық процесті ықшамдау, оңтайлы құқықтық реттеу тетіктерін енгізу, қылмыстық-процестік заңнамада тиімді қолданысты қарастыру мақсатында жаңа Қылмыстық-процестік кодекске айғақтарды сақтауға қою институты енгізілді. Айғақтарды сақтауға қою институтына егер де объективті себептерден олардың сотқа дейінгі тергеуі немесе сот тергеуі барысында кешігіп жауап алынуы мүмкін болмаған жағдай негіздемесі болжалданса,  тергеудегі сот арқылы  жәбірленушінің және куәгердің айғақтарын бекіту кіреді. Мұндай себептердің қатарына Қазақстан Республикасынан тысқары тұру, шет елге шығу,  денсаулығының ауыр жағдайы және қауіпсіздік шарасын қолдану жатады. Кәмелетке толмаған жәбірленушілер мен куәгерлерді тергеуде психожарақаттық әсерді болдырмау мақсатында және оны қолдану мүмкіндігі айрықша маңызды болып табылады.

Бұл  бастамамен тек прокурор, тергеуші немесе анықтаушы ғана емес, күдіктенушінің өзі немесе оның қорғаушысы  шығуы мүмкін.

Белгілі ерекшеліктерге ие айғақтарды сақтауға қою процесі сот тергеуінің моделі бойынша жүргізіледі.

Тергеу аяқталғаннан кейін және істі сотқа бағыттағанда, айғақтары сақтауға қойылған жәбірленуші мен куәгер сот отырысына шақырылмайды.

Қазіргі уақытта көліктегі ішкі істер органдарымен осы институтты кеңінен қолдану жөнінде іске асыру жұмыстарының шаралары қолданылып жатыр.

Бұл әуе көлігі жолаушыларына қатысты қылмыстарды тергеуде өте қолайлы.

Себебі, көптеген тұлғалар басқа мемлекеттердің азаматтары болып табылады не басқа қала тұрғындары, сол себептен осы мән-жайды ескере отырып, қылмыстық қудалау органдары өтініші негізінде тергеу судьясы олардың айғақтарын сақтауға қояды (айғақтары бейнебақылауға жазылған), әрі қарай оларды сот отырысына шақырмауға болады.

Сөйтіп, бұл институт арқылы процеске қатысушылардың уақытын және мемлекеттік бюджеттің қаражатын үнемдеуге болады.

 

Астана қаласы Әуе көлік прокуратурасының

аға прокуроры А. Кан

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу