Ешкім де, ешнәрсе де ұмытылмайды

06 мамыр 2016 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Адамзат тарихындағы ең сұмдық соғыстың болып өткеніне 71 жыл толды. Бірақ Ұлы Жеңістің ұмытылмайтыны сияқты, соғыс та ұмытылмастай ізін қалдырды. Жеңіс күні – бұл сан мыңдаған ұрпақ үшін ортақ мереке. Бұл мереке – бейбітшілік пен қайырымдылықтың мәңгі жасампаздығын, Отанын қорғаған жауыңгер-солдаттар мен офицерлердің айбыны, тылдағы Жеңісті жақындатқан жұмысшылардың ерлік еңбектерінің мәңгі өшпейтіндігін дәлелдейтін белгі болып қалмақ. 

Біздің аталарымыз бен әкелеріміздің батырлығы мен жанқиярлығы, олардың өз Отанына деген шексіз сүйіспеншілігі Қазақстанның бүгінгі жауынгерлері үшін мақтан тұтарлық үлгі ғана емес, бұл – бірнеше ұрпақты байланыстыратын қоғамның рухани дамуы мен ұлттың қайта өрлеуінің жоғары адамгершілік негізі.

Жеңіс күні – абыройымыз бен даңқымыздың мерекесі. Табандылық пен ерлік, Отанға деген сүйіспеншілік қатал соғыста Жеңіске жеткізді. 

Ешқашанда жауынгер ерлігі мен жеңісті еңбегімен соққан еңбекшінің ерен ерліктері ұмытылмайды. Бүгінде біздің азаматтық міндетіміз – болашақ ұрпақты Отанын сүюге, елінің, жерінің адал патриоттары, достық пен бірлік туралы түсінік беру арқылы отансүйгіштікке тәрбиелеу. 
 

Жеңіс деген-шат күлкісі баланың,

Тыныштығы жер жаһанның, даланың.

Жеңіс деген- сылдыр күлкі, асқақ ән,

Тыныштығың сол Жеңістен басталған.

 

 

Қызылорда көлік прокураутрасының аға прокуроры

Гүлнар Сейлханова 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу