Қазақстанның солтүстік аймағында теміржол көлігіндегі жарақаттанудың алдын алу

21 қараша 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Темір жолдар, поездар аса қауіпті аймақ болып табылады.

Алайда, кейбір азаматтар жиі қауіпсіздік ережелерін бұзады. Олар теміржол маңында жүріп қоймай, рұқсат етілмеген орындардан өтеді, сол арқылы ең алдымен өз өмірлеріне қауіп төндіреді.

Ағымдағы жылдың басынан бастап Солтүстік Қазақстан көлік аймағы бойынша адамдардың 10 жарақаттану фактісі тіркелді, оның ішінде 6-ы адам қазасымен аяқталды. Барлық фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеп тексеру жүргізіліп, процессуалдық шешімдер қабылданды.

Әрине, адамдардың жарақаттануының басты себебі – адам факторы, яғни зардап шеккендердің теміржолдағы қауіпсіздік ережелеріне немқұрайлы қарауы, жол қашықтығын қысқартып уақытты үнемдеуге ұмтылуы.

Темір жолдар арқылы өтуге арнайы белгіленген орындарда ғана рұқсат етіледі (жаяу жүргіншілер көпірлері, тоннельдер, темір жол өтпелері). Көпірлер мен тоннельдер жоқ станцияларда, темір жолда қозғалып келе жатқан темір жол көлігі болмаған жағдайда ғана жаяу жүргіншілер төсемімен өтуге рұқсат етіледі. 

Сондай-ақ, темір жол өткелдерінде болып жатқан апатты жағдайлар туралы айту керек. Автокөлік жүргізушілерінің жол қозғалысы ережелерін сақтамауы ("Жол жүрісі туралы" Қазақстан Республикасының 17.04.2014 жылғы Заңының 53-бабы 4-тармағының талаптарын бұзу) өрттерге, жарылыстарға және өзге де адам өмірін қиятын апатты салдарға әкеп соғады.  

Сондықтан,  жеке қауіпсіздікті сақтау мақсатында темір жолдардан өту және жол жүру ережелерін мүлтіксіз сақтау қажет.

Әрбір азамат темір жол – ауыр жарақат алу және қаза қаупі жоғары аса қауіпті аймақ екенін түсінуі тиіс.

Заңнаманы сақтамағаны, бұзғаны үшін әкімшілік (3 АЕК айыппұл) және қылмыстық жауапкершіліктер қарастырылған.       

Солтүстік Қазақстан көлік аймағындағы көлік объектілеріндегі, жолаушылар поездарындағы кез келген құқық бұзушылықтар жөнінде Петропавл станциясындағы ЖПБ (Петропавл қ., Медведев к-сі, 11-үй, кезекші бөлімі 8 (7152) 383550) немесе Солтүстік Қазақстан көлік прокуратурасына (Петропавл қ., Сәтпаев к-сі, 35, тел. 8 (7152) 381315) жолдануға болады. 

Солтүстік Қазақстан көлік прокуратурасы

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу