Кепілді қамауға алудың баламасы ретінде қолдану тәжірибесі

21 сәуiр 2016 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Көлік прокуратура органдары сотқа дейінгі өндірісте адам және азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтарының, әсіресе кепілді қолдану мәселелері бойынша қорғалуын басымды тәртіпте жүзеге асырады.

Жаңа қылмыстық-процестік кодекс қамауда ұсталуымен байланысты емес бұлтартпау шаралары қолданылған күдіктілер мен айыпталушыларға қатысты қылмыстық істерді кедергісіз тергеуді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Кепіл осындай шаралардың бірі болып табылады. Мұндай бұлтартпау шара қылмыстық қудалауға түскен тұлғаның құқыққа бағынушылық жүріс-тұрысының экономикалық ынталандырушысы болып табылады.

Осындай бұлтартпау шараны қолданудың тиімділігін келесі мәліметтер көрсетеді.

Үстіміздегі жылдың басынан бастап Астана қаласы Әуе көлік прокурорының санкциясы бойынша көліктегі құқық қорғау органдары 2 тұлғаға қатысты кепілді қолданды.

Кепіл шарттарын бұзулар болған жоқ. Бұл ретте барлық тұлғалар қылмыстық қудалау органдары мен сотқа уақтылы келеді. Олардың тергеу мен соттан жасырыну жөнінде ой-ниеттері жоқ.

Кепіл деген не, және ол қалай қолданылады?

Кепіл деген алдын-ала анықтау ісін жүргізушінің, тергеушінің, прокурордың немесе соттың шақыруы бойынша айыпталушының, сезіктінің келуін қамтамасыз ету үшін сот депозитіне ақша салуы.

Дәлелді себепсіз қылмыстық қуғындау органына келу туралы міндеттемесін орындамаған жағдайда салынған кепіл соттың ұйғарымымен мемлекеттің кірісіне түседі.

Айыпталушы, сезікті не үшінші бір тұлға да кепілберуші болуы мүмкін. Енгізілген кепіл сомасынан айырылу тәуекелі үшінші тұлғаға жүктеледі. Қылмыстық процестің кез келген сатысында ол кепіл затын қайтарып алуға құқылы. Айыпталушының, сезіктінің келуін қамтамасыз ете алмайтыны жөнінде қылмыстық-процесті жүргізіп жатқан органға жазбаша жүгінсе болады. Бұзушылықтар болмаған жағдайда кепіл зат оған дереу қайтарылып, айыпталушыға және сезіктіге қатысты басқа бұлтарпау шара қолданылады.

Кепіл мөлшері қылмыстың санатына, қылмыстық әрекеттің сипатына, күдіктінің, айыпталушының жеке басына, кепіл берушінің отбасылық және мүліктік жағдайына байланысты 50-ден 500 АЕК дейін өзгереді. Ақша, бағалы заттар, жылжымалы және жылжымайтын мүлік кепіл заты болып табылады.

Кепіл ретіндегі мүлік үшінші тұлғалар тарапынан кез келген ауыртпалықтан бос болуы тиіс.

Аталған бұлтартпау шарасы аса ауыр қылмыс жасаған, мәселен, адам өлтіру, аса ірі көлемде есірткі затын заңсыз сату және т.б. жағдайларда қолданылмайтынын атап өткен жөн.

Кепілмен қамтамасыз етілген міндеттемелер сақталған жағдайда қылмыстық істі тоқтату туралы қаулы, үкім негізінде қылмыстық сот ісі аяқталғаннан кейін кепіл берушіге кепіл нысанасы дереу қайтарылады.

 

Астана қаласы Әуе көлік прокурорының

орынбасары Б. Оспанов

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу