Жетісу көлік прокуратурасы қызметкерлерімен Ұлы Отан соғысында қаза тапқандарды еске алуға арналған салтанатты гүл шоғын қою туралы БАҚ - на АҚПАРАТ

06 мамыр 2016 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Ағымдағы жылдың 5 мамырында Ұлы Отан соғысындағы  Жеңістің 71 -жылдығы қарсаңында Жетісу көлік прокуратурасы қызметкерлерімен 28 гвардиялық-панфиловшылар саябағында Даңқ монументі мен Мәңгілік от  басында  салтанатты түрде гүл шоғын қою өткізілді.

Саябақ өз атын 1942 жылы Ұлы Отан соғысы жылдарында 1075 полктың 316-шы атқыштар дивизиясының 28 жауынгерімен Мәскеуді қорғау барысында  жасаған ерліктерінен ескерткіш ретінде алған. 1941 жылдың күз-қыс аралығындағы Мәскеу үшін шайқас Ұлы Отан, екінші дүниежүзілік, және  жер жүзіндегі басқа соғыстардан әлдеқайда үлкен шайқас болғанын әркім біле бермейді.

316-шы атқыштар дивизиясын Алматыда құрамдаған. Бұл көпұлтты әскери құрам 40 пайыз қазақтардан, 30 пайыз орыс ұлтынан және осындай шама Совет Одағынының 26 халқынан құралған. Командир болып генерал-майор Иван Васильевич Панфилов тағайындалды, ол Бірінші дүниежүзілік соғысында, содан кейін Азаматтық соғыста шайқасқан тәжірбиелі әскери басшы. Ол жауынгерлердің махаббаты мен сыйына бөленген, олар оны «біздің ақсақал», «біздің әкеміз», ал өздерін- панфиловшылар деп атайтын.

Дубасеково маңындағы шайқаста 28 жауынгер дұшпанның жаяу әскерлері мен 50 танктерін қиратты. Теңсіз шайқаста олар түгелдей мерт болды, бірақ позицияларын жібермей, немістердің 18 бронемашиналарын талқандады. Шайқас нәтижесінде гитлерліктер 6 сағаттан астам уақытқа кідірленіп, дивизияның қорғаныс шебін бұза алмады.

Совет әскерлеріне ыңғайлы позиция алуға мүмкіндік берілді, қарсылас танктердің шебі шоссені жарып өтуіне жол берілмеді. «… 28 панфиловшылардың ерлігін ұмытпаймыз, ол әрқашан мен үшін мәңгілік жарқын болған іс… » - бұл маршал Г.К. Жуковтың сөздері.

Даңқ монументі 1975 жылы Жеңістің 30 жылдығына орай 28 гвардиялық- панфиловшылар саябағында соғылған, сол жылы Мәңгілік от жағылды, 1982  жылы  Қазақстанның Республикалық маңызы бар мәдениет және тарих ескерткіштері тізіміне енді.  Осы саябақта сонымен қатар Иван Панфиловтың, Бауыржан Момышұлының ескерткіштері бар, оларға да прокуратура қызметкерлерімен гүл шоқтары қойылды.

Жыл сайын мереке қарсаңында саябақ  біздің жарқын болашағымыз үшін өмірін берген жауынгерлерге құрмет ретінде мәңгілік есте сақтау үшін келген мыңдаған адамдарға толы.

Салтанатты түрде гүл шоқтарын қою барысында прокуратура қызметкерлері Ұлы Отан соғысында қаза тапқан жауынгерлерге деген құрмет ретінде  үнсіз минут ұстады.

 

Жетісу көлік прокуратурасы

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу