Бас көлік прокуроры ұжымды кәсіби мерекемен құттықтады

06 желтоқсан 2018 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Бас көлік прокуроры ұжымды кәсіби мерекемен құттықтады - 976976637

Бас көлік прокуратурасында прокуратура органдары ардагерлерінің қатысуымен Қазақстан Республикасының Прокуратура күніне арналған салтанатты жиналыс өтті.

Бас көлік прокуроры Мақсат Дүйсенов прокуратура органдарының қалыптасу тарихына қысқаша шолу жасады, сондай-ақ Мемлекет басшысының қадағалау органының қалыптасуы мен дамуындағы рөлін атап өтті.

1991 жылғы 6 желтоқсанда «Қазақ КСР прокуратура органдарының бірыңғай жүйесін құру, олардың дербестігін мен тәуелсіздігін қамтамасыз ету туралы» қаулы қабылданды.

Осы күннің құрметіне күнтізбеде жаңа мереке – Прокуратура күні пайда болды.

«Осы уақыт ішінде Мемлекет басшысының қолдауымен прокуратура құқық қорғау жүйесінің орталық институттарының бірі, елдегі заңдылық пен құқық тәртібінің сенімді кепілі болды», - деп атап өтті Мақсат Дүйсенов.

«Кәсіби мереке күні тек жұмыс істеп жүрген қызметкерлерге ғана емес, сонымен қатар заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайтуға зор үлес қосқан, прокуратура қызметкерлерінің жас буынға жинақталған тәжірибелерімен бөліскен барлық ардагерлерге де алғысымды білдіремін», – деді Бас көлік прокуроры.

Барлығына зор денсаулық, бейбітшілік пен келісімді тіледі.

Мереке құрметіне орай, қызметтік борышын мінсіз атқарғаны үшін бірқатар қызметкерлер марапатталды.

Ардагерлерге алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табыс етілді.

 

Бас көлік прокуроры ұжымды кәсіби мерекемен құттықтады - 741792491

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу