Кінәлі тұлғалардан 37,5 миллион теңгеге кедендік төлемдер өндірілді

10 қаңтар 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Талдықорған көлік прокуратурасы сыртқы экономикалық қызмет субъектілерінің әрекеттерінен кедендік заңнаманы бұзғандарын анықтады.

Кедендік төлемдерден жалтарған, жеке қажеттілік түрінде әкелінген жабдықтар мен автокөлік құралдарын сатқан 3 заңды тұлға анықталды.

Олар 5 жүк автокөлігін, бір автокран және жалпы салмағы 9,5 тоннаны құрайтын аккумуляторлық батареяларды қайта сатқан.

Прокурорлық ден қою шараларымен кінәлі тұлғалардан мемлекеттің пайдасына 37,5 млн.теңге сомасында залал өндірілді.

Талдықорған көлік прокуратурасы

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу