Тальго поездындағы зорлық-зомбылық әрекеттеріне оқталуға қатысты қылмыстық ісі бойынша

08 қараша 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Көлік прокурорларымен "Петропавл-Алматы" бағытындағы №705 Тальго поезды жолаушысының жас қызға қатысты жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттеріне оқталу туралы қылмыстық іс-құжаттары зерделенді.

2019 жылы 3 қыркүйекте аталған факті бойынша ҚК-тің 121-бабы 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

2 қарашада а.ж. Қарағанды-Сұрыптау станциясындағы желілік полиция бөлімімен қылмыс құрамының болмауына байланысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді қысқарту туралы шешім қабылданды.

8 қарашада а.ж. Жезқазған көлік прокуратурасы қылмыстық қудалау органының шешімінің күшін жойып, істің барлық мән-жайларын толық және объективті түрде қамтамасыз ету үшін нұсқау беріп, қосымша тергеуге қайтарды.

Қылмыстық істің тергеу барысы Бас көлік прокуратурасының бақылауында.

Жезқазған көлік прокуратурасы

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу