Контрабандаға қарсы іс-қимыл мәселелері талқыланды

12 қазан 2018 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Контрабандаға қарсы іс-қимыл мәселелері талқыланды - 285057917

Бас көлік прокуратурасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті басшыларының қатысуымен экономикалық контрабандаға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша алқа отырысын өткізді.

Іс-шарада аталған саладағы заңдылықтың жай-күйі, соның ішінде контрабандалық жолмен тауарлардың кіру арналарын анықтау және жолын кесу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар, осы санаттағы қылмыстық істердің тергелу сапасы және басқа да проблемалық мәселелер талқыланды.

Бұл мәселелер көлік прокуратурасының алаңында алғаш рет қаралды, себебі кедендік саладағы барлық қылмыстық істер бойынша қадағалау а.ж. ақпан айынан бастап көлік прокурорларына жүктелген еді.

Қылмыстылықтың талдауы өткен жылмен салыстырғанда экономикалық контрабанда бойынша қылмыстық істер санының 13,3%, яғни 52-ден 67-ге дейін өскенін көрсетті.

Контрабандалық тауардың жартысынан көбі темір жол көлігімен тасымалданады. Ол 76% құрайды, ал қалған 24% автомобиль көлігімен жеткізіледі.

Осы кезеңде көлік прокурорлары 54 процессуалдық шешімнің күшін жойып, 2 істі қосымша тергеуге қайтарды.

Оған әрекетті дұрыс сараламаумен, дәлелдемелерді анықтау және бекіту кезінде қылмыстық іс жүргізу заңнамасының нормаларын бұзумен, кәсіпкерлік субъектілерін қылмыстық қудалау аясына негізсіз тартумен ұштасқан сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстарының сапасыз жүргізу, сондай-ақ істі шешу үшін маңызы бар құжаттарды бұрмалау деректері негіз болды.

Отырыс барысында контрабанда заттарының сақталуына және мемлекет кірісіне уақытылы айналуына басты назар аударылды.

Отырыс қорытындысы бойынша мемлекеттік орган басшыларына экономикалық контрабандаға қатысты жұмысты күшейту, қылмыстық істерді тергеу сапасын арттыру жүктелді. Сонымен қатар азаматтарды қылмыстық қудалау аясына негізсіз тартылуына, өз қатарларында сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеу тапсырылды.

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу