Ақтөбе колледжіндегі заңбұзушылықтар

12 қазан 2018 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

 

          Ақтөбе көлік прокуратурасы Ақтөбе көлік, коммуникация және жаңа технологиялар колледжін тексеру барысында Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы талаптарының бұзылғандығын анықтады.

         Атап айтқанда, сегіз пән бойынша базалық жоғарғы білімі оқытылатын пәндердің профилі сәйкес келетін мұғалімдер болмаған.

         Мысалы, білімі бойынша «тарих» пәнінің мұғалімі «құқық және көлік туралы заңнамалардың негіздерін», экономист-есепші стандарттау негіздерін, «банк ісі» маманы темір жолдардың жалпы курсын оқытады.

         Мемлекеттік білім беру тапсырысын алу үшін колледж жұмыспен қамтылған түлектердің үлесін жасанды түрде арттырған. Жұмысқа орналысқан 42 түлектің шын мәнінде 14 еш жерде жұмыс істемейді.

         Сонымен қатар, оқытушылар сабақта болмаған студенттерге баға қойған.

         1-3 ай бойы 6 оқудан шығарылған студенттерге айына 17 250 теңге көлемінде шәкіртақы төленген.

         Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының талаптарын бұзғаны үшін оқу орнының 8 лауазымды тұлғасы тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Оның директорына 36 075 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды.

         138 мың теңге көлемінде заңсыз төленген шәкіртақы колледжге толығымен қайтарылды.

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу